Қызылордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттауы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қоғамдық көлікте жүру ақысы қымбаттауы мүмкін

15.06.2017

«Автобус паркінің» басшылығы жолақыны 100 теңгеге көтеру туралы ұсыныс жасады. Айтуларынша қазіргі баға шығынды ақтамайды екен. Бірақ, бұл тұрғындардың наразылығын тудыруда.

Жолаушы тасымалдау қызметінің  мамандары «қазіргі баға шығынды ақтамайды», дейді. Қазір бәрі қымбат: жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер мен өзге де техникалық құралдарды сатып алу, ауыстыру оңай емес. Бензин былтырғымен салыстырғанда 14 пайызға өскен. Ал, дизель отыны 80 теңгеден 150 теңгеге, газ 30 теңгеден 58 теңгеге көтерілді.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу