Астанада Қабанбай батыр даңғылына «bus line» жолағы енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қабанбай батыр даңғылына «bus line» жолағы енді

07.06.2017

Астананың автобустары Қабанбай батыр даңғылымен еш кедергісіз қозғала алады. Қала әкімдігі шаһардағы кептелістен құтылу үшін бұл көшеге бір емес, екі BUS LINE жолағын енгізді. Шенеуніктер осы арқылы туристердің көрмеге уақыт үнемдеп, емін-еркін жетуін қамтамасыз етпек. Қазір бұл даңғыл бойымен барлығы 12 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, халықаралық көрме барысында тағы 12 BUS LINE жолағы енеді. Сөйтіп, қаладағы көлік кептелісі 20%-ға азаймақ.

 

Әдемі ӨМІРБЕК

Хабарламаларға жазылу