Қарағанды облысының Шахан кентіндегі апатқа шенеуніктер кінәлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының Шахан кентіндегі апатқа шенеуніктер кінәлі

05.06.2017

Материал таяуда сотқа жөнелтіледі. 9 адамның өліміне әкеліп соққан оқиғаға 5 лауазымды тұлға кінәлі болып шықты. Аталған іс бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 370-ші, яғни, «Қызметтегі әрекетсіздік» бабымен кент әкімі, оның коммуналдық сұрақтар бойынша орынбасары мен тағы 2 маман, сонымен қатар, Шахтинск қалалық әкімдігінің екі қызметкерінің кінәлары толық дәлелденді. Арнайы прокурордың айтуынша, айыпталған шенеуніктердің ешқайсысы өз кінәларын мойындамаған. Олар 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Іс бойынша жапа шегуші ретінде 11 адам арызданған.

Еске салайық, жаңа жылдың алғашқы түні Шахан кентіндегі көпқабатты үйдің жертөлесіндегі қазандық жарылған болатын. Салдарынан үйдің бүкіл бір подъезі құлап, 9 адам қаза тапты.

Хабарламаларға жазылу