Бүгін Астанада да ауа райы құбылмалы. Жаңбыр жауды, қатты жел тұрды. Тіпті, жергілікті төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға SMS арқылы ескерту жолдады. Онда есік-терезені қымтап, балконды да бақылау керектігі айтылған. Ал, ертең елордада күн бұлтты болады, бірақ жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +21 градусқа жоғарылауы болжануда.
Сондай-ақ, синоптиктер алдағы күндері нөсерлі жаңбыр мен дауылды желдің күшейе түсетінін ескертеді. Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Мамандар бұл құбылыстарды белсенді суық атмосфералық фронттармен байланыстырып отыр.
Азамат НҰҒЫМАНОВ