Павлодарда батут иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда батут иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

26.05.2017

Бала ойнайтын батут  үрлеп, кәсіп құрған павлодарлыққа 3000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулік бойы қоғамдық жұмыстарға тартылады деген жаза белгіленуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі күн бұрын Павлодарда қатты жел болып, соңы жаңбырға ұласты. Осы кезде  қызымен бірге қалалық бақта жүрген 26 жастағы келіншек батуттан құлап жарақат алған. Сөйтіп, аурухананың жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан. Қала тұрғыны Анастасия Мамедованың айтуынша, құйын көтерілген бойда ол қызын аттракционнан түсірмек болады. Дәл осы сәтте бауы ағытылып кеткен батут ұшып көкке көтерілген. Бала бірден сырғып жерге түседі. Ал, анасы оңбай құлап, қолын сындырады. Талып қалған келіншек ауруханада есін жиған. Прокуратура бүгін қылмыстық іс қозғады.    

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу