«Кәсіби әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметі» мекемесінің бас директоры Болат Халық 70 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросынан хабарлады. Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты мекеме басшысы қылмыстық схема ұйымдастырып, мердігер компаниялардан жүйелі түрде пара алып келген. Бұдан бөлек, ол бас есепшісімен бірге өзі басқаратын мекеменің қаражатын жымқырған. Күдіктінің үйін тінту кезінде 300 мың АҚШ доллары мен 6 миллион теңге ақша табылған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ