Алматы билігі қала көшелеріндегі трамвай рельстерін алып тастап, оның орнына велосипед жолақтарын салмақшы. Бірақ, бұл мәселеде тұрғындар арасында ортақ пікір жоқ.
Естеріңізде болса, екі жыл бұрын қос трамвай рельстен шығып, бірнеше көлікті соққаннан кейін Алматыда бұл қоғамдық қызмет түрі тоқтатылған. Сол кезде мамандар рельстерді түбегейлі жаңартып, «оның үстімен жеңіл рельсті транспорттар жүйткиді», деп уәдені үйіп-төккен еді. Енді жолға жауаптылар рельстерді біржола алып, оның орнына велосипед жолағын жүргізбекші.
Амангелді СЕЙІТХАН