Бүгін Алматыда Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот ісінің жарыс сөзі өтті. Істі қараған прокурор судьядан «Феникс» фильмін түсіру үшін бөлінген ақшаны жымқырды, деп айып тағылған Жаманқұловты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық бойынша жазаны жеңілдететін мəселелерді ескеріп, оны 3 жыл 6 айға қысқартып, жазасын шартты түрде тағайындауды айтты. Бірақ, өнер қайраткері өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізіп, судьядан барлық айыптауларды алып тастауын өтінді.
Естеріңізге сала кетейік, соттың алғашқы отырысы ақпанның 27-сі күні басталған. Былтыр 2-қарашада актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталып, оған фильмнің өндірісіне бөлінген 79 млн теңгенің 69 миллионын жымқырды, деген айып тағылған еді.
Амангелді СЕЙІТХАН