Петропавлда өмірінің 30 жылын түрмеде өткізген 55 жастағы азамат есірткі сатқаны үшін тағы да құрықталды. Қалалық Ішкі істер басқармасының жедел алдын алу шарасы аясында күдіктінің тұрғылықты пәтерінде есірткі саудасымен айналысқаны анықталған. Үйін тінту кезінде 1 грамм героин табылды. Мамандардың айтуынша, бұл аса ірі көлемге жатады. Жалпы, жыл басынан бері заңсыз әрекеті үшін 12 адам жауапқа тартылып, 22 келіден астам есірткі заты тәркіленген.
Самат САПАРАЛЫ