Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданындағы шаруалар ет өнімдерін Қытайға экспорттамақ. Мұндай мүмкіндікке олар Зайсан қаласында халықаралық талаптар бойынша сертификатталған зертхана ашылғаннан кейін ие болмақ. Ауданда агроөндірістік кешеннің жалпы өнімінің 78 пайызы мал шаруашылығына тиесілі. Сондықтан, жергілікті фермерлер үшін мал етін өткізу қиын болатын. Осыдан бірнеше ай бұрын Зайсан қаласында шағын ет комбинаты ашылды. Бұл жерде жылына 330 тонна ет өңдеуге болады. Болашақта шұжық және консервіленген ет шығаратын цех ашу да көзделген. Өнімнің бір бөлігін Қытай нарығына шығару жоспарланып отыр. Аудан басшылығының айтуынша, көрші елдің стандарттарына сай жұмыс істейтін зертхананың арқасында жергілікті шаруалар өз өнімдерін көрші елге сатуға мүмкіндік алады.