Елордада ардагерлер жастармен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада ардагерлер жастармен кездесті

04.05.2017

Ардагерлер оқушы жастармен кездесті. Өткенін еске алып, бүгінгі буынға ақыл-кеңестерін айтты. «Әр жауынгерді жеңіске жетелеген Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім. Егер намыс болмаса, сарбаздардың оққа қарсы шабуы бекер болар еді. Біз өзімізді емес елімізді, келер ұрпақты ойладық. Соның арқасында жеңіске жеттік», - дейді ардагерлер. Ал оқушылар болса қарттарға арнайы әзірлеген концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу