Елде халықаралық волонтерлер форумы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде халықаралық волонтерлер форумы өтеді

30.05.2023

Отыздан аса елдің волонтерлері Астанада бас қосады. Маусым айында елордада халықаралық форум өтеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі бүгін ерікті жастармен кездесті. Қазір волонтерлік қозғалыс қарқынды дамып келеді. 200 мыңнан астам ерікті бар. Форум аясында халықаралық ұйымдармен тәжірибе алмасып, еліміздегі осы бағытты дамыту үшін жаңа тәсілдер әзірленбек.

Дархан Қыдырәлі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Форум аясында волонтерлік хаб ашылады. Ол Орталық Азия волонтерлерін біріктіретін өте іргелі хаб болмақ. Сонымен қатар шетелдерден өте танымал, соның ішінде кешегі Түркияда зілзалада қатысқан, әр жерде қайырымдылық жұмыстарға қатысып жүрген белгілі тұлғалар қатысады.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу