Лениннің денесі жер қойнына тапсырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лениннің денесі жер қойнына тапсырылуы мүмкін

24.04.2017

Мәскеудегі Қызыл алаңда орналасқан мавзолейде 93 жылдан бері жатқан Лениннің денесі жер қойнына тапсырылуы мүмкін. Мемлекеттік Дума депутаттары алдағы уақытта осы мәселені реттейтін заң жобасын қабылдағалы отыр.

Алайда, оған коммунистер түбегейлі қарсы. Себебі, «бұл мәселе қоғамға жік салып, Қазан төңкерісінің 100 жылдығы қарсаңында елді тағы да азан-қазан қылуы мүмкін», - дейді.

Владимир Ленинді жерлеу мәселесі 80-ші жылдардан бері оқтын-оқтын көтеріліп келеді.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу