Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда кәсіби міндетін атқару кезінде 29 өрт сөндіруші көз жұмған. Яғни, олар өзгенің өмірін сақтап қалу үшін қаза тапты. Әлбетте, о дүниелік болғаннан кейін олардың атына орден, медаль берілді. Асылық айтты демеңіз, бірақ, сол батырлар бақилық болғанда ғана бағалануда. Әйтпесе, тілсіз жаумен алысып жүрген жауынгерлеріміздің әлеуметтік ахуалы тым төмен. Нашар десек те болар.
Азамат НҰҒЫМАНОВ