Қазақстан шахталарында 12 ірі апат болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан шахталарында 12 ірі апат болған

28.10.2023

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан шахталарында 12 ірі апат болған. Салдарынан көз жұмған азаматтар саны 200-ге жуықтайды. Жойқын апаттар әсіресе «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Шахтинск, Ленин, Абай атындағы кеніштерде болған. Мысалы 1995 жылдың қарашасында Ленин атындағы кеніште метан жарылып 13 кенші көз жұмған. Ал 2004 жылы «Шахтинскте» 23 жұмысшы опат болды. 2006 жылы Ленин атындағы кеніште ең үлкен апат тіркелген. Салдарынан 41 адам тіл тартпай кетіп елде қаралы күн жарияланған еді. 

Хабарламаларға жазылу