Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың жағдайы бүгін Үкімет отырысында қаралды. Қазіргі ахуал аса қиын жағдайда. Ішкі істер министрі, аймақ басшылары жағдайды жақсылап баяндап бергенімен одан судың әлегі әлі басылар емес. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың өзі осы жағдайдың жылда қайталана беретіндігін айтты. Бірақ, оған қарсы қаншама амал қолданса да, мәселе шешілер емес. Ал, дәл қазіргі басты мәселе халықты топан судан аман алып қалу. Осы мақсатта оңтүстік аймақтағы Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары теріскейге жұмылдырылды.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ