Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру көздері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет: Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру көздері талқыланды

01.04.2024

Үкіметте су тасқынынан зардап шеккендерге шығынды өтеу мен оны қаржыландыру жолдары, республикалық штаб отырысында қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров келтірілген залалды өтеу үшін, қаражат жергілікті атқарушы органдар резервінде көзделгенін айтты.

Ал оның мөлшерін өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Төтенше жағдайлар ведомствосы анықтайды. Тек қажеттілік туындаған кезде ғана Үкімет қосымша қаржы қарастырады. Ал су тасқыны кезінде үйі мен мал-мүлкінен айырылған тұрғындар, Жергілікті атқару органдарға 30 күн ішінде өтініш бере алады. Сосын 10 күн келтірілген залал көлемі арнайы мамандармен анықталады. Апатты үйлер тізімін әкімдік жасайтын болды.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу