Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Нүркен ауылында мал іздеп шығып жоғалып кеткен ағайынды екі жігіттің бірінің денесі табылды.
Олар Қопа өзенін кесіп өтпек болған. Алайда, екпіні күшті тасқын су ағызып әкеткен. Бүгін табылған жігіт 1980 жылы туған Дархан Сәбитов.
Іздеу жұмыстары осымен төртінші күн жалғасып жатыр.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ