Теріскейде 85 млн. теңгенің контрафакт тауары тәркіленді. Солтүстікқазақстандық төрт азамат жалған акциз маркаларымен 100 мыңнан астам спирттік ішімдікті көрші елге тасымалдап жатқан жерінде ұсталды.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдіктілер заңсыз кәсіппен ұзақ уақыт бойы айналысып келген. Ұсталған азаматтар сот санкциясымен қамауға алынды. Енді олар 12 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін.
Самат САПАРАЛЫ