Мемлекетке 290 млн теңге шығын келтірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке 290 млн теңге шығын келтірді

24.03.2017

Семейде қаржы полициясының бұрынғы қызметкері мен оның сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Олар 5 жыл 3 кәсіпорын бойынша салық төлемей келген. Бұған қоса, жұмыс істемейтін 3 мекеме құрған.

Мемлекетке келтірілген шығын көлемі – 290 млн. теңге. Сот материалдарына сәйкес, негізгі күдікті бұрын қаржы полициясында 10 жыл қызмет еткен. Оның құқық саласындағы  мол тәжірибесі заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік берген көрінеді.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу