Елге заңсыз кіргізілген жүк көліктерінен мемлекетке 385 млн теңге шығын келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге заңсыз кіргізілген жүк көліктерінен мемлекетке 385 млн теңге шығын келді

26.03.2024

Қазақстанға заңсыз кіргізілген жүк көліктері мемлекетке 385 млн теңге шығын келтірді. Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша арнайы тексеріс жүргізіп, жалған құжат өткізген 44 транспортты анықтаған. Жүк көліктерінің жүргізушілері 180 млн теңге кеден алымы мен 205 млн тіркеу төлемдерін төлеуден жалтарған. Тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданды. 

Хабарламаларға жазылу