Тасқын судан сақтану шараларына Павлодар облысы бюджеттен 893 млн.теңге қаржы бөлді. Себебі, биылғы қыс қатты болды. Қырдағы қардың орташа қалындығы 27 см. Бұл нормадан 1,5 есе көп.
Наурыздың 20-нан бастап аймақта күн жылынады. Қар, күрт ериді деген болжам бар. Бұл ауыл халқын әбігерге салуы мүмкін. Себебі, қазірдің өзінде кейбір тұрғындар қорадағы азын -аулақ малын әупіріммен ұстап отыр.
Болат АМАНБАЕВ