Елордада бүгін «Қару» жедел шарасы өтті. Оның аясында тұрғындардың оқ-дәрілерді сақтау талаптарын қаншалықты ұстанып жүргендігі тексерілді.
Заңға сай, қару-жарақ қалыңдығы 3 миллиметрден кем болмайтын арнайы сейфтерде сақталады. Ол міндетті түрде үй қабырғасына бекітіліп, дабыл аппаратымен жабдықталуы тиіс.
Айдана ҮСЕНБАЙ