Полиция қызметкері қаққан баланың жағдайы бірқалыпты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полиция қызметкері қаққан баланың жағдайы бірқалыпты

14.03.2017
Полиция қызметкері қаққан баланың жағдайы бірқалыпты

Алматыда полицей қызметтік көлігімен қаққан 9 жасар Даниель Ковалевтің жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Нұржан Исабеков айтты.

 

Оның сөзінше, зардап шеккен баланың бір аяғының жіліншігі екі жерден сынған. Сондықтан, оған операция жасалды. Қазір жарақаты орташа, еш қауіп жоқ, дейді дәрігерлер.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу