Зейнетақы жарнасын жұмыс берушілер де төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зейнетақы жарнасын жұмыс берушілер де төлейді

10.03.2017

Тамара Дүйсенованың айтуынша, «Көпдеңгейлі зейнетақы» жүйеcі елімізге 2020 жылы енгізіледі.

Енді зейнетақы жарнасын тек жұмысшы ғана емес, жұмыс беруші де төлейді. Бүгін Жолдаудағы міндеттерді іске асырудың тетіктері жөнінде баяндаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осылай деді.

Тамара Дүйсенованың айтуынша, «Көпдеңгейлі зейнетақы» жүйеcі елімізге 2020 жылы енгізіледі. Ол бойынша жұмыс берушілер әр қызметкердің жалақысының 5 пайызын зейнетақы қорына аударады. Төлем компанияның өз қаражаты есебінен жүргізіледі.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу