Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлеріне қосымша зейнетақы төлейді

05.12.2023

Келесі жылдан бастап жұмыс берушілер қызметкерлері үшін қосымша зейнетақы жарнасын төлейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл салымшылардың зейнетақы табысын арттыруға септігін тигізеді дейді. Яғни, ай сайынғы он пайыздық жарнадан бөлек кәсіпкерлер жұмысшыларына өз есебінен 5 пайыз мөлшерде зейнетақы жарнасын аударуы тиіс. Ереже кезең-кезеңімен жүзеге асады. Төлем 1,5 пайыздан 5 пайызға дейін өседі. Ал зейнетақы қорына аударылатын сома ең төменгі жалақы мөлшерімен есептеліп, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.


Хабарламаларға жазылу