Семейде өзенге ағып кеткен баланың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде өзенге ағып кеткен баланың денесі табылды

09.03.2017
Іздестіру жұмыстарына 3 күн бойы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен құтқарушылар жұмылдырылған болатын. Сонымен қатар, оларға 20-дан астам еріктілер мен баланың туыстары көмек көрсетті.

Қалың мұз бен қатты ағыс іздеу жұмыстарына кедергі келтіргендіктен, құтқарушылар ойықтар жасауға мәжбүр болды. Баланың денесін жақындары суасты бейнекамерасының көмегімен тауып алған.


Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу