Шымкент қаласындағы полиэтилен шығаратын зауыт отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласындағы полиэтилен шығаратын зауыт отқа оранды

28.02.2017
Кәсіпорында полиэтиленге шикізат ретінде пайдаланатын түйіршіктер тұтанып, жалын лезде жан-жаққа тарап үлгерген. Абырой болғанда өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Жалын бір сағатқа жетпей ауыздықталды. Қазір, төтенше жағдай қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтауда. Зауыт жұмысын уақытша тоқтатты.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу