ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ІТ жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ІТ жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды

28.02.2017
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ІТ жаңалықтарды қоғаммен талқылауды тапсырды

Білім беру саласындағы перспективті ІТ жобалар талқыланған Үкімет отырысы барысында, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ауқымды қоғамдық талқылаулар жүргізіп, ұсынылған жүйелердің кемшіліктерін жою шараларын қабылдауды тапсырды.

Отырыс барысында ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев білім берудің барлық қолданыстағы ақпараттық жүйелерін – Ұлттық білім беру деректері базасы, электронды күнделік, жинақ бухгалтерия және ЖОО-лардың бірыңғай ақпараттық жүйесін біріктіру жоспарланған 4 электронды платформаны таныстырды.

Сонымен қатар, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу мәселесі бойынша министрлер мен Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері сөз сөйледі.

ҚР Премьер-Министрі  Бақытжан Сағынтаев барлық ұсынылып жатқан жаңалықтар егжей-тегжейлі пысықтауды және педагогика мен ата-аналар қоғамының арасында кеңінен талқылау жүргізуді талап ететінін атап өтті.

Министрлер мен әкімдердің баяндамаларының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев білім және ғылым министрлігіне жағдайға талдау жасап, жүйенің «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енуіне қажетті шараларды қабыладауды тапсырды.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу