2019 жылдан бастап жалақыңыздың бір пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2019 жылдан бастап жалақыңыздың бір пайызы міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударылады

23.02.2017
Одан кейінгі жылы екі пайызға өседі. Қорда жиналған қаражат болашақта сіздің ем алуыңызға және медициналық қызметті пайдалануыңызға жұмсалады. Бірақ, тұрғындардың басым бөлігіне қорға қаржыны мемлекет өзі аударады.

Олар: балалар, зейнеткерлер, ардагерлер, көпбалалы және бала күтіміндегі аналар, мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернат тәрбиеленушілері және сот үкімімен жазасын өтеушілер. Осы санаттағы азаматтарға төлем мемлекет тарапынан жүргізіледі. Ал, тұрақты табысы бар азаматтардың жалақысының бір пайызы қорға міндетті түрде аударылады.

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу