Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды

07.09.2015
Мәжілісте  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасы таныстырылды

Екі жылдан соң елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі.

Мұндай жаңалықты Мәжілісте  «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң жобасын таныстырған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жеткізді.

Оның айтуынша, аударымдар  2017 жылдан бастап 2 пайыз көлемінен, 2020 жылы 5 пайыз мөлшеріне  жетеді. Қаражат арнайы құрылған қорға аударылады. Кірісіңіздің бір бөлігі жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация саласы, екпе салу кезінде көрсетілетін медициналық көмек үшін ұсталады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу