Электр энергиясын таратушы компания жарық үшін заңсыз ақша жинаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Электр энергиясын таратушы компания жарық үшін заңсыз ақша жинаған

22.02.2017
Заң білмеген опық жейді. Қарыз үшін тоқты қиып кеткен компания, қайта қостыру үшін азаматтардан ақша алып келген. Кейде үш, кейде төрт. Әркімге әртүрлі.

Осыдан соң өскемендік тұрғындар құзырлы органға шағымданған. Арыздың ізімен жүргізілген тексеруден кейін заңсыздық әшкере болды.

Бірқатар арыз-шағым түскен соң құзырлы орган облыс бойынша арнайы тексеру жүргізген. Нәтижесінде Өскемен, Риддер қалалары және Шемонаиха мен Зырян аудандарында заңсыздықтың беті ашылды. Бір жылда барлығы 463 үй 1 542 587 теңге төлеген.

Жанболат САНИЯЗ

Хабарламаларға жазылу