ШҚО-ның Глубокое ауданындағы кірпіш зауытының жұмыскерлері даулап жүріп, еңбекақыларын ақыры өндіріп алды. Зауыт басшылығы «өнім өтпеді» деп сылтауратып, жұмыскерлерге жалақы беруден жалтарған. Кәсіпкердің борышы миллион теңгеден асады. Құзырлы орган қызметкерлері кемшілікті қалпына келтіру үшін жергілікті Еңбек инспекциясына ұсыныс жіберген. Енді кәсіпорын жетекшісіне 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынбақ.
Жанболат САНИЯЗ
Жанболат САНИЯЗ