Жетісу облысында борышкерлердің қарызы 500 млн теңгеге жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында борышкерлердің қарызы 500 млн теңгеге жеткен

28.03.2023

Жетісу облысында мемлекетке салық, айыппұл және алимент төлемеген тұрғындардың жалпы қарызы 500 млн теңгеге жуықтаған. Берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушылар палатасы, әділет департаменті және полиция қызметкерлері бірлескен жедел алдын алу шарасын ұйымдастырды. Үш күн бойы құзырлы орган өкілдері көліктерді тоқтатып, айыппұлын төлемеген азаматтарды мәжбүрлеп төлетпек. Айта кету керек, қазір Талдықорғанда «Қорғау» бейнебақылау және анықтау жүйесі сынақтан өтіп жатыр. Бұл камералар бірден көліктердің мемлекеттік тіркеу номерінен жүргізушінің қарызы бар жоғын анықтай алады. Жалпы жыл басынан бері сот орындаушылары 270 млн теңге қарыз өндірген.

Айдос Сапарғалиев, облыстық жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысы:

Борышкерлер айыппұлдарын төлемейтін жағдайда сот орындаушының атқарушылық іс жүргізу заңына сай әкімшілік жаза қолдануға болады. 66 бап. Және де мүлкі тәркіленеді. Жылжитын, жылжымайтын мүлкіне, банк шоттарына тыйым салынады.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу