Атырауда қалалық прокуратураның прокуроры мен Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі ұсталды. Қалалық прокуратура қызметкері алаяқтық жолмен екі азаматтан ақша бопсалаған. Прокурор екі айға қамауға алынды. Ал, Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі пара алды деген айыппен қазір үйқамақта отыр.
Айдос ҚАРАБАЛА