Қапшағай қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қапшағай қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

18.04.2022

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары мен Қапшағай қалалық төтенше жағдай басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Шенділер Қапшағай қаласындағы ойынхананың біріне қамқорлық көрсеткені үшін алдын ала сөз байласу арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алған.

Қазіргі таңда жемқорлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктілерге «үй қамақ» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды, дейді өңірдегі сыбайластық жемқорлықпен күрес қызметінің өкілдері.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу