Елімізде аутизм дертіне шалдыққан балалар саны жыл сайын артып келеді

09.02.2017
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен жылы осындай диагнозбен 531 бала тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш 300-ге артқан. Бұл - тіркелгендері ғана. Себебі, дерттің белгісі бірден біліне қоймайды. Дегенмен, сол ауру түрі анықталған балалар арасында өнерлілері де бар. Мәселен, астаналық сегіз жастағы Алуа Қалиева дертке қарамастан, өте жақсы сурет салады. Туындылары тиімді тәсілмен саудаға түсіп жатыр. Ал, жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалуда.

Назым ҚАЙРАТ

Хабарламаларға жазылу