Ақмола облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Әубәкіров мердігер компанияға ақшаны ерте аудару жөнінде өзінше шешім қабылдаған. Бұл іс облыстық әдеп кеңесінде қаралды. Оның айтуынша, қаржы құрылғыларды алуға және атқарылған жұмыс үшін заңға сәйкес берілген. Алайда, ұзақ талқылаудан кейін кеңес мүшелері өзгеше ұйғарымға келді.
Сонымен қатар, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Құлмахан Бегиловқа қатысты да шешім қабылданды. Ол тексеріс жүргізген нысан қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, әдеп кодексін бұзған.
Ермек ЕЛБЕРГЕН