Алматы облысында өз ісіне салғырт қараған мемқызметкерлер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында өз ісіне салғырт қараған мемқызметкерлер жазаланды

10.10.2019

Алматы облысының әдеп кеңесі кезекті рет мемлекеттік қызметкерлерді тәртіпке шақырды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары және құрылыс бөлімінің басшысына тәртіптік жаза қолданылды. Лауазымды тұлғалар құрылыс саласында бес кәсіпорынмен келісімшартты бірнеше рет ұзартқан. Нысанды уақытында өткізуге үлгермей жатқан мердігерлерге жағдай жасаған. Кемшіліктерді қалалық прокуратура анықтап, әдеп кеңесінің талқысына ұсынды. 

Сондай-ақ, жиын барысында бірнеше аудан мен басқарма басшылары да сынға ұшырады. Мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданып, жазасын уақытынан бұрын заңсыз кешіріп жіберген лауазымды тұлғаларға ескерту жасалды. 

Серікбай Нұрғисаев, Алматы облыстық әдеп кеңесінің төрағасы:

Талдықорған қаласында құрылыс жасап жатқан бес компанияның жұмысын бақылап көрдік. Дер кезінде құрылысты тапсырмады. Кімнің кінәсі? Соған жол берген әкімдіктің лауазымды қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу