Қызылорда облысында мал ұрлығы белең алып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында мал ұрлығы белең алып тұр

25.01.2017
Күрмеулі мәселелерді Аққұм ауылының тұрғындары әкімнің есеп беру жиынында көтерді.

Қызылорда облысында мал ұрлығы белең алып тұр. Мәселен, тек Жалағаш ауданында ғана былтыр 55 жағдай тіркелген. Өріске кеткен төрт түлік түгілі үйдегі, қорадағы малдың өзіне ие болу қиын болып отыр.

Арнайы жайылым жоқ болғандықтан, төрт түліктің өрісі де тарылып барады. Осы орайдағы күрмеулі мәселелерді Аққұм ауылының тұрғындары әкімнің есеп беру жиынында көтерді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу