Алматыда 100 000 адам уақытша тіркеуден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 100 000 адам уақытша тіркеуден өтті

23.01.2017
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің көші-қон полициясы хабарлады. Себебі, заңның жүзеге асу үшін тиісті нормативті құжаттар реттелуі керек. Яғни, ақпан айының ішінде Ішкі істер министрлігі ішкі мигранттарды тіркеу ережесін жасақтап, ол Үкімет қаулысымен бекітіледі.

Содан кейін, бұл құжат ресми ақпарат құралдарына жарияланып, тек он күннен кейін ғана заңды күшіне енеді. Осылайша заңға сәйкес актілер қабылданбайынша әкімшілік жаза да қолданылмайды.


Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу