«KazNews»-тің 20:30-дағы шығарылымы (Толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«KazNews»-тің 20:30-дағы шығарылымы (Толық нұсқа)

12.10.2016
«KazNews»-тің 20:30-дағы шығарылымы (Толық нұсқа)

1. Мемлекет басшысы астық жинау науқанының табысты аяқталуына байланысты еліміздің агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлеріне құттықтау жолдады

2. Сенат төрағасы Қ.Тоқаев БҰҰ арнаулы өкілі М.Казачкинмен СПИД-пен күрес мәселелерін талқылады

3. Мәжіліс депутаттары жайылымдық жер туралы заңды бірінші оқылымда мақұлады

4. Мәжіліс депутаттары Париж келісімі туралы құжатты ратификациялады

5. Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң жобасы жұмыс тобында қаралды

6. Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясының фракциясы тұрғын үй саласындағы бюджетті талқылады

7. Жоғарғы сот кеңесінің отырысы өтті

8. Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова Б.Соқпақбаевтың шығармасы бойынша қойылған «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық» қойылымын тамашалады

9. БҚО: Биыл өңірде жөнделген жолдардың көлемі 2 есеге ұлғайды. 240 шақырымды жаңғыртуға қазынадан 6 млрд. теңге бөлінген

10. Елбасы тапсырмасымен Ақтөбе облысында жүрген жұмыс тобының атқарған істері ауқымды

11. Қауыннан қант алуға болады. Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің ғалымдары қазір оны зертханада сынақтан өткізіп жатыр

12. Түрлі шөптер мен жемістерден дәрілер жасауды кәсіп еткен Бақыт Наурызбаев «Жұмыспен қамту» бағдарламасымен үйінен емдік тағам әзірлейтін цех ашты

13. Жуалы ауданында араның будандастырылған жаңа түрін ұстайтын шаруа тұрады. В.Воронов араны өсіріп қоймай, селекциялық жұмыспен де айналысады

14. Ақтөбе облысы: Өңірдегі мыс кен орнын игеруші кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр.  2011 жылы  Индустрияландыру бағдарламасымен ашылған нысанда 400 адам жұмыс істеген

15. Атырау: Баламасы жоқ бірегей кәсіпорын. Индустрияландыру бағдарламасымен ашылған кабель зауыты ішкі сұраныстың 25-30 пайызын қамтамасыз етіп отыр

16. Қоянды ауылында тұрып жатқан Тәуелсіздік жылдары елге оралған қандастарымыз ел дамуына өз үлестерін қосып жүр

17. Техникалық реттеу комитеті мемлекеттік және жекеменшік нысандарды тексеріп, 9 айда 101 млн. теңге айыппұл салған

18. Федерация кеңесі Сирия аумағына әуе күштерін шоғырландыруға дауыс берді. Алеппода Ресей әуе күштерінің соққысынан 25 адам қаза тапты

19. Б.Обама халықты Д.Трамптан бас тартуға шақырды

20. Токиода өрт кесірінен 350 мың үй электр жарығынсыз қалды

21. Стамбул көлік кептелісінен əлемде бірінші орын алады. Тұрғызылған 3-ші көпір көп жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселені шешті

22. Кейкі батырдың бас сүйегі ертең зерттеу үшін Венгрияға жөнелтіледі

23. «Теңге - Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы». Осындай атаумен Астанада Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

24. Футбол. Қазақстан құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчта Румыниямен тең ойнады

25. Хоккей. ҚХЛ. «Трактор» - «Барыс» - 3:4 Осы маусымын сәтсіз бастаған «Барыс» соңғы кездесулерде жанкүйерлерін қуантып келеді

26. Ауыратлет Денис Уланов Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атануы мүмкін

Хабарламаларға жазылу