Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі қысқарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі қысқарды

19.01.2017
Бұрынғы Премьер-Министр Серік Ахметовтің жазасын өтеу мерзімі қысқарды. Бүгін Абай аудандық соты Қарабас ауылындағы 159/18 колониясында рақымшылық мәселесін жабық тәртіпте қарады. Ресми мәліметке сәйкес, Серік Ахметовтен «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы негізінде, өтелмеген жаза мерзімінің төрттен бір бөлігін қысқарту туралы өтініш түскен. Өтініш қанағаттандырылды. Экс-премьердің жазасы 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды. Ендігі мерзімі – 4 жыл 10 ай.


Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу