Мәжіліс депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытының жұмысымен танысты

12.01.2017
Кәсіпорын елімізде конструкторлық бюросымен, жаңа жобаларды іске асыруымен ерекшеленеді. Мұнай өндіру мен өңдеуге қажетті құралдар шығаратын зауытта меймандар құрылғылардың жасалу барысын көрді.

Кәсіпорын қазір Атырау мен Павлодардан түскен тапсырыстарды орындап жатыр. Мұнай бағасының арзандауына байланысты тауарға деген сұраныс та төмендеген. Десе де, 2016 жылы 4 миллиард теңгенің өнімін шығарған компания биыл өнім көлемін 7 миллиардқа жеткізуді көздеп отыр.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу