Астанада балабақша бизнесімен айналысатындар базынасын айтты.
Олардың айтуынша, мемлекетпен серіктестік орнатып, балабақша тапшылығын азайтуға еселі үлес қосып отырған жеке меншік балабақшалар көптеген әкімшілік кедергілерге тап болып отыр. «Мәселен, нысанның көпқабатты үйде орналасуы, ішкі-сыртқы безендірілуі, жиһаздармен жабдықталуы, жұмыс тәртібі мен кестесіне қатысты шектеулер мен жөнді-жөнсіз тексерулер, салынатын айыппұлдар ісімізді алға бастырмай отыр», дейді олар.
Сондай-ақ, жылу батареяларын ағашпен қоршату, медициналық кабинетке арнайы лицензия алу, емханалармен тиісті келісім шарт жасау сынды талаптармен келісу қиын. Сондықтан, санитарлық талаптар мен нормаларға өзгертулер мен түзетулер енгізетін жұмыс тобына мемлекеттік балабақша меңгерушілерін емес, жеке меншік балабақшалар қауымдастығы өкілдерін кіргізуді ұсынып отыр.
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ