Биыл Астанада Қытай елшілігінің құрылысы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астанада Қытай елшілігінің құрылысы басталады

10.01.2017
Қытай бизнесмендері қазақ жерін жаулап алу үшін емес, керісінше осы жерде іс жүргізу үшін келеді. «Ұлы Жібек жолында бірге» байқауының жеңімпаздарын марапаттау шарасында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй осылай мәлімдеді.

Биыл елімізде жаңа кәсіпорындар салу қарқынды жүзеге аспақ. Салынатын кәсіпорындардың дені мұнай, түрлі-түсті металл және химия саласына тиесілі. Сонымен қатар, Чжан Ханьхуэй құрылысы жуырда басталатын Қытай елшілігінің ерекше сәулетті ғимарат болатынын айтты.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу