Ауыл-аймақтарда тұратындардың қанша мал ұстауға болатыны заңмен белгіленуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл-аймақтарда тұратындардың қанша мал ұстауға болатыны заңмен белгіленуі керек

10.01.2017
Ендігі жерде еліміздің ауыл-аймағында тұратын әрбір отбасының қанша мал ұстауға болатыны заңмен белігіленуі керек. Сонда ғана елді мекен іргесіндегі жайылымдық жерлерді тұрғындардың теңдей пайдалануына мүмкіндік туады.

Бүгін Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров және сенатор Әли Бектаевпен кездескен ОҚО-дағы Қазығұрт ауданының халқы көкейдегі мәселелерді сөз етті.

Сенаторлар жайылым туралы әзірленіп жатқан заң жобасында осы жәйттерді ескерумен бірге, деградацияға ұшыраған жерлерді қайта қалпына келтіруге байланысты арнайы баптар енгізіліп жатқанын хабардар етті.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу