Қарағандылық соғыс ардагері Исмагил Галиуллинді 36352-ші әскери бөлімнің өкілдері Жаңа жылмен құттықтап келді. Жасы 90-ға келген ақсақал қайратты. Өмірге деген құштарлығы зор, үнемі қоғамдық жұмыстарға араласып жүретін ардагер бүгінде барша әскерилердің сүйіктісіне айналған. Ол екінші дүниежүзілік соғыста танкші болған. Қария қазір де темір сауытты алпауыт техниканы еркін басқарады. Жаңа жыл қарсаңында құттықтай келген әскерилерге ардагер ақ тілегін жаудырды.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ