Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының орталығы Смирнов ауылында ата-ана қамқорлығынсыз қалғандарға баспана берілді. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы бұл үйлердің құрылысына 41 млн. теңге бөлініп, үш бөлмелі пәтерлер Жаңа жыл қарсаңында табысталып отыр. Жаңа 5 үйдің үшеуі жетім өскен жандарға тарту етілді.
Самат САПАРАЛЫ