Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Балықтыкөл ауылында Елбасының қолтаңбасы бар. Елді мекен негізі қаланып, үйлер салына бастаған кезде студенттік құрылысшылар жасағы қатарында Нұрсұлтан Назарбаев та болған. Арада 52 жыл өтсе де, бұл баспаналар бәз-баяғы қалпында тұр. Ал, шаңырақ иелері Президент іргетасын қалаған үйде тұратындарын мақтаныш тұтады.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ